Израиль Дамаскті бомбалады

Әлихан Асқақ

Израиль Сирия астанасы Дамаск пен елдің батысындағы Хомс қаласы маңындағы әскери нысандарға соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

Бұл туралы Сирияның қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Дамаскінің орталық ауданы Кафр-Сусаға жергілікті уақытпен таңғы 3:40-та соққы жасалған. Тағы бір соққы Хомс провинциясындағы әскери нысанға жасалған.

САЛДАРЫ

Сирия қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әуе шабуылынан бір сарбаз қаза тауып, жетеуі жараланған. Сонымен қатар түрлі материалдық шығын келген.

Бұған дейін сириялық БАҚ Израиль Кафр-Сусадағы тұрғын үйге соққы жасағаннан кейін Дамаскіде жарылыстар естілгенін жазған.

Израиль әскерилері Бейрут маңындағы «Хезболла» нысандары» орналасқан ғимаратқа соққы берді. Соққыдан бір сағат бұрын ғимарат жанында «Хезболла» ұйымының баспасөз мәслихаты өткен болатын.