Израиль әрекеті үшін жауап береді. Иран дайындалып жатыр

Әлихан Асқақ

"Ислам революциясының қамқоршылар корпусының" бас қолбасшысы Хоссейн Салами Иран Израильге жауап соққы жасайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

28 қазандағы мәлімдемесінде ол Израильдің "ауыр зардаптарға" тап болатынын ескертті.

Азаттықтың мәліметінше, Салами екі күн бұрын Израильдің Иран территориясындағы әуе шабуылдарына жауап болатынын атап өтті.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багай да 28 қазанда Тегеран Израиль шабуылдарына жауап беру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланатынын айтты.

26 қазанда Израиль жауап ретінде Иран әскери нысандарына "мақсатты және дәл" соққы бергенін хабарлады.

27 қазанда қайтыс болған ирандық әскери қызметшілердің отбасыларымен кездесуде Иранның жоғарғы рухани жетекшісі аятолла Али Хаменеи Израильдің соңғы шабуылдарын "қателік" деп атады, бірақ жауап қайтаруға шақырған жоқ.