Елордада қоғамдық көлік қағып кеткен қыз қаза болды

Әлихан Асқақ

Астанада автобус қағып кеткен 22 жастағы бойжеткен алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұбан Молдағалиев көшесінде маршруттық автобустың жүргізушісі белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында біз көлік басқармасына жол-көлік оқиғаларының туындауына немесе жасалуына ықпал ететін мән-жайларды жою туралы ұсыным жіберетін боламыз, – деп мәлімдеді полиция подполковнигі Әсет Сүлейменов.

Мерт болған қыздың есімі – Кан Лолита Евгеньевна. Туыстарының айтуынша, бұл қайғылы оқиғаның болуына бірнеше жағдай себеп болған.

Оқиға 26 қазан күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған. Қыздың денесі бүгін жерленді.