Ливан Израиль шабуылынан тағы да 20 адам өлгенін хабарлады

Әлихан Асқақ

Израильдің соңғы соққылары салдарынан Ливанда кемінде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

ШАБУЫЛ

Бұл туралы Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенген Рейтерс агенттігі мәлімдеді.

Шабуыл ел астанасы Бейруттің оңтүстігінде болып, бір үй қираған..

14 адам жараланған, алайда үйіндіні тазалау жұмыстары жалғасып жатқандықтан, жарақат алғандардың саны одан да көп болуы мүмкін екені хабарланды.

ХЕЗБОЛЛАҒА ҚАРСЫ СОҒЫС

Бір жыл бұрын бір күнде 1200 адамның өмірін қиған қанды шабуылдан кейін Израиль Хамаспен және Хезболламен күресіп жатыр.

«Хезболла» АҚШ тарапынан лаңкестік ұйым деп танылды, ал Еуропалық Одақ «қара тізімге» өзінің саяси партиясын емес, қарулы тобын енгізді. Ливан парламентінде «Хезболла» саяси партиясының депутаттары бар.

Бұл елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бір жылда Израильдің шабуылдарынан кемінде 3 мың адам қаза тауып, 13 мың адам жарақат алған. Палестина өкілдері Газада қаза тапқандардың саны 43 мыңнан асқанын хабарлады.