Астана халықаралық әуежайында 6 рейс кешігіп жатыр

Сырым Қаржас

Астанадаға Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайының әкімшілігі ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктіріліп жатқан рейстер туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

“Қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшып шығуға жоспарланған 75 рейстің 6-ы кешіктірілді”, деп хабарланды әуежайдың баспасөз қызметінен.

Атап айтсақ, SU1957 Астана-Мәскеу, КС7208 Астана-Атырау, КС7315 Астана-Қызылорда, КС921 Астана-Франкфурт, DV716 Астана-Шымкент, КС642 Астана-Алматы рейстері уақытылы орындалмай жатыр. 

Әуежай басшылығы ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшып шыққан ұшақтардың кешігуі немесе тоқтатылуы болған жоқтығын мәлімдеді.

“Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының www.nn-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады”, деп ескерте кетті әуежай әкімшілігі.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болып, бұрқасын күтілетіні, кей аймақтарда тұман түсетіні хабарланған.