Германияның қазіргі канцлері Олаф Шольц Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлауда Германия социал-демократиялық партиясы атынан үкімет басшысы лауазымына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мұндай мәлімдемені партия төрағасы Ларс Клингбайл жасады.
– Біз қазір органдарда бәрін тезірек анықтаймыз. Олаф Шольцпен бірге келесі сайлауалды күреске қатысқымыз келеді, - деді ол.
Социал-демократ Олаф Шольц 6 қарашада қаржы министрі Кристиан Линднердің қызметінен босатылғанын жариялады. 7 қарашаға қараған түні министрлердің барлығы дерлік өз өкілеттігін өз еркімен босататынын мәлімдеді. Ізінше, елдің жаңа үкіметі құрылуы тиіс. Бундестагқа мерзімінен бұрын сайлау Германияда 2025 жылғы 23 ақпанда өтеді.
Бұған дейін Шольц пен Путин екі жылда алғаш рет телефонмен сөйлескені хабарланған болатын.