Джо Байден өзін «Джо Байденнің күйеуімін» деп атады

Сырым Қаржас

Жақында 82 жасқа толған АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден көпшілік алдында сөзінен жаңылып, тағы да масқара болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

Оқиға президенттің Ақ үйдегі салтанатты кеште сөз сөйлеу барысында болған. Бұл жолы ол өзін күйеуім деп атаған өз әйелі Джил Байденмен шатастырды. Салтанатты кештің трансляциясын C-SPAN таратты.

«Мен Джо Байденнің күйеуімін. Мен бұл атақты мақтан тұтамын», деді АҚШ президенті.

Еске сала кетсек, бұл Байденнің сөзінен бірінші рет жаңылуы емес. Бұған дейін оның Филадельфиядағы WURD радиоарнасына берген сұхбатында өзінің алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын айтып, сөзінен жаңылғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ ол өзінің сайлауға түсетін, я түспейтінін Жаратушының әмірімен байланыстырып, “Құдайдан бұйрық күтіп жүрмін” деген сыңайда пікір білдірген еді.