Бірнеше жол 2025 жылдың сәуіріне дейін жабылды: ол қай жолдар

Ғалиасқар Думан

Таудағы қар көшкіні қаупіне байланысты Алматы облысы Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарында бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгіннен бастап Талғар және Еңбекшіқазақ ауданының таулы жерлерінде қар көшкіні қаупіне байланысты бірнеше бағыттардағы автожолдар жабылған.

Атап айтқанда:

1) облыстық маңызы бар автожолы "Есік қ. – Есік көлі" 7-ден 15 км-ге дейін;

2) "Турген-Батан Асы обсерваториясы" 15-тен 41 км-ге дейін;

3) облыстық маңызы бар "Талғар қ. – спутник лагері" автожолы 6-дан 11 км-ге дейін.

Жолданды ашу 2025 жылғы 1 сәуірге жоспарланып отыр.

Қысқы маусым басталысымен таулы жерлерде адасу жағдайлары жиілейді.

Жуырда ғана Алматы облысында 16 жастағы жасөспірім жалғыз өзі тау басында қалып қойған.

Қателікке ұрынбас үшін мамандар тауға тауға қалай дайындалып, шығу керегін айтып, құнды кеңестерін бөліседі.