СҚО әкімі қызметкерлері шаршағанын мойындады

Ғалиасқар Думан

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласы әкімдігінде қызметкерлердің жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдіріп, қала әкімдігінде де, облыстық мекемеде де «денсаулыққа зиянды атмосфера» жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

Көрнекі сурет

Денсаулыққа зиянды атмосфера жоқ

Нұрмұхамбетов облыстық және Петропавл қаласы әкімдігінде «денсаулыққа зиянды атмосфера» жоқ екенін атап өтті.

«13 өңір мен Петропавл қаласы бойынша жүктеме мен қазіргі жағдайға байланысты… Егер баяндаманы тыңдаған болсаңыз, судың өзен арнасынан асып кеткенін көрдіңіз. Осы уақыт ішінде адамдар үлкен жұмыстар атқарды. Барлық үйлерді уақытында, сапалы тапсыру үшін… 2000-нан астам апатты үйлер бар. 9 жыл ішінде ескі және апатты үйлердің орнына 1400 үй салынған. Ал 4 ай ішінде біз 2000-нан астам үйді бұздық. Бұл – үлкен жұмыс. Тәулік бойы атқарылды. Отбасымен тек 3-4 сағатқа ғана кездесе алады. Мүмкін, қаланың жастары бұл қарқынға ілесе алмаған шығар», – деді ол.

ШАРШАДЫ МА, ӘЛДЕ ҚҰЗЫРЕТІ ЖЕТПЕДІ МЕ?

«Әрине, құзыреті жетіспеді әрі шаршады деп ойлаймын», – деп мойындады әкім.

Бұған дейін Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Ержан Мұстафиннің қызметінен кеткені белгілі болған. Ол бұл қызметте төрт айға жетпей, 21 қарашада өз еркімен өтініш жазып, лауазымынан кеткен. Ержан Мұстафиннің алдындағы орынбасар Біржан Көшербаев бұл қызметті тек он ай ғана атқарған еді.