Қай өңірлерлерде қар жауып, 27 градусқа дейін аяз болады

Ғалиасқар Думан

«Қазгидромет» бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстігінде аздаған қар жауады, батыста жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Антициклонның әсерінен еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, ал батыс, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда боран күтіледі», – делінген хабарламада.

ҚАЛАЛАР БОЙЫНША

Астана: Түнде аздаған қар жауады, боран. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кейде 23 м/с. Түнде температура -12-14 °C, күндіз -8-10 °C.

Алматы: Алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура -13-15 °C, күндіз -5-7 °C.

Шымкент: Көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Түнде температура -11-13 °C, күндіз +4+6 °C.

Өңірлер бойынша ауа райы болжамы

Ақмола облысы: Батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауады. Күндіз -6-11 °C, түнде -9-14 °C.

Ұлытау облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -7-12 °C, түнде -13-18 °C.

Қарағанды облысы: Батысында және солтүстігінде қар жауады. Күндіз -8-13 °C, түнде -13-18 °C.

Батыс Қазақстан облысы: Түнде батысы мен солтүстігінде, күндіз барлық аумағында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз -3+2 °C, түнде -2-7 °C.

Атырау облысы: Түнде солтүстігінде қар, күндіз барлық аумағында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз 0+5 °C, түнде -3+2 °C.

Маңғыстау облысы: Күндіз батысында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз +2+7 °C, түнде -2+3 °C.

Ақтөбе облысы: Түнде батысында қар, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз 0-5 °C, түнде -5-10 °C.

Қостанай облысы: Солтүстік бөлігінде қар жауады. Күндіз -2-7 °C, түнде -8-13 °C.

Солтүстік Қазақстан облысы: Солтүстігінде және шығысында қар жауады. Күндіз -5-10 °C, түнде -8-13 °C.

Павлодар облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -4-9 °C, түнде -9-14 °C.

Абай облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -10-15 °C, түнде -22-27 °C.

Шығыс Қазақстан облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -10-15 °C, түнде -22-27 °C.

Қызылорда облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз 0-5 °C, түнде -11-16 °C.

Түркістан облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3 °C, түнде -11-16 °C.

Жамбыл облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -4+1 °C, түнде -10-15 °C.

Алматы облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -4-9 °C, түнде -12-17 °C.

Жетісу облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз -3-8 °C, түнде -15-20 °C.

Синоптиктердің ескертуі:
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысындағы өзендерде мұз құбылыстарының және олардың қарқындылығының күшеюінен су деңгейінің ауытқуы жалғасады», – деп хабарлады мамандар.