Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді

Ғалиасқар Думан

Қазгидромет алдағы демалыс күндері елде ауа райы күрт өзгеретінін мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын Солтүстік және Оңтүстік циклондар айқындайтынын айтады.

“14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын болуы болжанады. 16 желтоқсан қар, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қалың қардың жаууы күтіледі. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, боран күтіледі” дейді Қазгидромет мамандары.

Елдің солтүстік-батысында түнде ауа температурасының 10-18 аязға дейін, солтүстігінде, орталығында 15-25 аязға дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-17 аязға дейін, таулы аудандарда 20-27 аязға дейін төмендеуі күтіледі.