Құқыққорғаушы Инга Иманбай балаларына қорлық көрсетіп жатқан бұрынғы күйеуін тоқтату үшін оған амалсыз пышақ жарақатын салып, сол үшін сотталған әйел адамға түрлі ұйымдарды қорған болуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Құқыққорғаушы өзінің істерінің бәрі ауыр екенін, бірақ бұл жолғы іс тіпкен қиын екенін айтады.
“Менің барлық істерім өте ауыр, бірақ Жанаттың ісі, анасының қызын зорлықтан қорғауға тырысып, сотталған жағдайы ерекше қиын. Бұл іс тек әйелге ғана емес, балаға, оның үстіне екі балаға қатысты.
Бейшара әйел күйеуі үлкен баласын зорламақ болғанынан кейін ажырасып, Шымкенттен Алматыға қашып кеткен. Сол кезде де іс қозғалған, бірақ кейін жабылған. Бірнеше жылдан кейін, Алматыда бұрынғы күйеуі екінші баласына, өзінің алты жасар қызына тиісіп, сол кезде Жанат өзін қорғауға мәжбүр болған. Оның басқа амалы болмады” дейді құқыққорғаушы.
ДИСКРИМИНАЦИЯ
Инга Иманбай Жанат пен балалары ер адамға қарсы куәлік еткенін, ал ер адам бәрін жоққа шығарғанын атап өтіп, тергеу әйел мен балалардың сөздерін елемей, ер адамға сенетінін жеткізді.
“Бұл дискриминация емес пе?
Қазір әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға арналған көптеген іс-шаралар мен ұйымдар бар. Мен олардың барлығын Жанатты қорғауға шақырамын. Егер Жанат түрмеге жабылса, балалар зорлық көрсеткен әкесінің қолында қалуы мүмкін! Егер біз қазір оны және балаларды қорғай алмасақ, біз қоғамбыз ба, жоқ па?!
Мен Бостандық ауданы Полиция департаментінің қызметкерлерінің жұмысына таң қалып, оларға сенімсіздік білдіремін. Істі қалалық Полиция департаментінің қарауына беруге тырысамын.
Қазіргі уақытта Жанатты қолдай алады деп ойлағандардың бәрін белгілеп отырмын. Оны репостпен, жазбамен, эфирмен немесе кез келген жолмен қолдауға шақырамын” деді ол.
Жәбірленуші әйелдің жағдайы туралы алғаш екі ай бұрын хабарланған. Ол кезде келіншек анонимді түрле қалуды жөн көрген. Алайда іс орнынан қозғалмаған соң, аты-жөнін атап, бет-жүзін көрсетуге бел шешкен.
ӘЙЕЛ НЕ ҮШІН СОТТАЛДЫ
Осыдан екі ай бұрын Инга Иманбай желідегі парақшасында өзіне жолдаған хатты жариялаған. Онда аты-жөні белгісіз әйел өз басынан өткен оқиғаны баяндаған. Айтуынша, әйел бұрынғы күйеуіне пышақ сұққаны үшін сотталған.
“Қазір әйел бұрынғы жұбайына пышақ салғаны үшін үш жарым жылға сотталды. Кішкентай балалары болғандықтан жазасын өтеу бес жылға шегерілген. Ол бұрынғы жұбайын не үшін жарақаттағанын білесіз бе? Ол алты жасар қызын әкесінің зорлығынан қорғады, әкесі бір күні қызына келіп, тыржадаңаш құшақтап, сүйген”, – деді Инга Иманбай.
Әйелдің айтуынша, баланы пышақпен қорғаудан басқа амалы қалмаған.
“Бұл үшін әйел сотталды. Ал ер адам жоқ! Ол әлі де бостандықта! Оған қатысты қылмыстық іс төрт рет жабылып, ашылды. Қазір іс қайта ашылды. Бірақ Бостандық ауданының тергеушілері істі тергеуге асықпайды. Сондықтан әйел президентке және уәкілетті органдарға жүгінуге мәжбүр”, – деген құқыққорғаушы.
Әйелдің сөзінше, күйеуі бірінші некеден туған ұлына да тиіскен. Сондықтан ажырасуға тура келген. Бірақ бұрынғы күйеуінің туыстары, таныстары мен достары органдарда істегендіктен, іс жабылып қалған.