Дәлелдерді ұрлап, 7 жыл қашып жүрген полицей сотталды

Ғалиасқар Думан

Жетісу облысының арнайы прокурорлары Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторына қатысты істі аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

МӘН-ЖАЙЫ

2017 жылдың наурыз айында лауазымды тұлға бір топ адамдармен 24 миллион теңге көлеміндегі ұрлыққа қатысты қылмыстық іс аясындағы заттай дәлелдемелерді ұрлаған.

ІЗДЕУ

Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды.

Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

ҮКІМ

Сот полиция қызметкерін ҚР ҚК-нің 362-бабына сәйкес (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) кінәлі деп тауып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Сот үкімі күшіне енді.

Бұған дейін полицейлердің қатысуымен көбірек хаттама толтыру туралы видео тараған.