Маңғыстауда қазақстандықтар кіре алмайтын казино ашылады

Ғалиасқар Думан

Маңғыстау облысында олар тек шетелдіктер кіре алатын ойынхана салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

pakspoker.com

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ойын мекемесі тек туристерге арналғанын, ал Қазақстан азаматтарының ойынханаға кіруіне тыйым салынатынын айтты.

“Осы сіздерге керек пе? Еліміздің азаматы айлық алған соң барып ұтылады. Сондықтан біз сырттан келушілер Қазақстанда барынша көп ақша қалдырсын деген мақсатпен туристерге арнап казино ашқымыз келеді», - деді ол.

Әзірге инвестор табылмаған, ал казиноның аты да таңдалмапты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ербол Ізбергенов Бозжыра шатқалының аумағындағы инфрақұрылымды дамыту туралы айтқан. Ол туристік жобалардың құрылысын қолдайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Бозжыра жолы Ақтаудан 300 шақырым жерде Маңғыстау облысындағы Үстірт ойпатының батыс бөлігінде орналасқан. 2022 жылы қорықта қонақ үй кешенінің құрылысы туралы белгілі болған кезде жанжал шықты. Себептердің ішінде экологтар гипсі бар ерекше топырақ туралы айтты, оның бетіндегі іздер жылдар бойы сақталады. Сондай-ақ олар бірегей табиғи ескерткішті қиратуы мүмкін сафари мен автошеруге де толық тыйым салуды талап етті.