Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда -35 градусқа дейін аяз түседі

Сырым Қаржас

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнде аяз түсетінін болжайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

riatomsk.ru

Ауа райы болжамына сәйкес, 24 желтоқсанда республиканың көп бөлігінде, 25-26 желтоқсанда елдің батысында, солтүстік-батысында және шығысында циклон әсерінен қар жауады. Ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігіндегі антициклон сілемінен ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деген болжам бар. Республика бойынша қарлы боран, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ күтіледі.

– Түнде ауа температурасының төмендеуі тек орталықта, елдің шығысында 20-35 аязға дейін болжанады, ал қалған аумақта температурада күрт өзгерістер күтілмейді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы қыс-2024/2025 ауа райы болжамын нақтылаған. Жалпы қыста температура режимі климаттық норма шегінде күтіледі, жауын-шашын мөлшері көп жылдық нормадан асады. Дегенмен, синоптиктер күн райы құбылып, қатты аяз болатынын да жоққа шығармайды.