Мұнай мен алтын қымбаттай түсті, ал доллар ше

Ғалиасқар Думан

26 желтоқсан күнгі Қазақстандағы доллар, мұнай және алтын бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Мұнай
Brent маркалы мұнай бағасы 0,40%-ға өсіп, барреліне 73,46 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,43%-ға өсіп, барреліне 70,40 долларға жетті.

Алтын
Алтын да қымбаттады: алтын фьючерстерінің бағасы 0,42%-ға өсіп, унциясы 2 626,49 долларға жетті. Бұл 26 желтоқсан сағат 9:00-дегі нақты уақыттағы мәліметтер.

Доллар бағамы
Қазақстанның валюта нарығында да белсенділік байқалады. Алматыдағы айырбастау пункттерінде АҚШ долларын орташа есеппен 518 теңгеге сатып алып, 522,5 теңгеге сатуда. Ал Астанада долларды 514 теңгеге сатып алып, 524 теңгеге сатуда.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке Ресейде доллардың арзандауы теңгеге қалай әсер ететінін айтқан еді.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.