Еуропада газ бағасы қымбатшылық рекордын орнатты

Ulysmedia

Еуропадағы табиғи газдың спот бағасы 21 желтоқсандағы аукционда тарихта алғаш рет мың текше метр үшін 2000 доллардан асты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бағаның жаңа өсуі неміс билігі 2022 жылдың бірінші жартысында Nord Stream 2 сертификациясы туралы оң шешім күтпейді деген хабарламалардан кейін болды. Бұған қоса, инвесторлар Газпромның Ямал-Еуропа газ құбыры арқылы айдауды қысқартуды жалғастырып жатқанына алаңдаулы.

Осы уақытқа дейін рекордтық баға мың текше метр үшін 1969 долларды құраған. Бұл көрсеткішке қазан айының басында жетті, содан кейін баға сәл төмендеді.

Жыл басында газдың мың текше метрі 200-250 доллар тұратын. Бағаның күрт өсуі екінші жартыжылдықта басталды.