Жантүршігерлік видео әлеуметтік желіде жылдам тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жарақат алған бала Астана қаласындағы №2 қалалық ауруханаға жеткізді. Травматолог пен жақ-бет хирургі баланы тексерген.
Бала жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылды. Жәбірленуші небәрі 5 жаста.
Лифт ішінде пышақпен балаға шабуыл жасаған адам – психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды.
Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Полиция департаментінің мәліметінше, олар «баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады».
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу әрекеттерінен кейін жасөспірім оқшауланады.