Синоптиктердің хабарлауынша, 17 ақпан күні еліміздің 16 өңірінде және Астана, Шымкент қалаларында ауа райы бұзылады. Кей облыстарда қарлы жаңбыр жауып, көктайғақ болса, басым аймақтарда тұман түсіп, қатты жел соғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астана
Жаяу бұрқасын болады, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысы
Өңірдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақмола облысы
Батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысы
Қарлы жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі. Тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.
Атырау облысы
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысы
Оңтүстігінде, шығысында қар жауып, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың басы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Түнде өңірдің оңтүстігінде, батысында қар жауып, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 23 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысы
Солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Қызылорда облысы
Облыс аумағында тұман күтіледі.
Жетісу облысы
Тулы аймақтарда тұман түседі.
Жамбыл облысы
Оңтүстігінде, таулы аймақтарда көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Ұлытау облысы
Солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
Батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысы
Батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысы
Шығысында, орталығында тұман түседі.
Түркістан облысы
Таулы аймақтарда қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысы
Солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шымкент
Түнде тұман түседі.
Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер тұрғындарға жолға шыққанда немесе басқа да жағдайларда абайлап жүруді ескертеді.