Үй үшін соттасып жүрген Жұлдыз Әбдікәрімова мәселесін шешті

Сымбат Сатыбалдина

Пәтерін ала алмай соттасып жүрген актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың ісіне нүкте қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

МӘН-ЖАЙ

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылғанын бұған дейін мәлімдеген болатын. Жұлдыз Астанадағы коттедж қалашығын болашақта сол қалашықта тұрамын деген есеппен жарнамалаған болатын. Бірақ ол алаяқтарға тап болғанын айтты. 

Артынша Жұлдыз екі азаматтық соттан жеңілді. Полицияға арыз жазды. Баспасөз мәслихаттарын өткізді. Алайда іс ақыры алға жылжымаған.

- Өткен аптада Жұлдыз бұл істі жапты. Медиация бойынша Диляра мен коттедж қалашығы туралы барлық жазбаларды өшіру туралы шешім қабылданды. Әрине, мен Жұлдызды қолдаймын. Бұл іс жабылғанына қуаныштымын, дейді Динара Сәтжан. 

ӘБДІКӘРІМОВА НЕ ҮШІН СОТТАСЫП ЖҮР

Әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылғанын бұған дейін мәлімдеген болатын. Ол бірнеше рет соттасқан. Бірнеше адамды алдады деген құрылыс компаниясының басшысының үстінен қылмыстық іс қозғалған. Жұлдыз Әбдікәрімова пәтерін қайтарып алу мақсатында аудандық, содан кейін қалалық сотқа жүгінген. Екі соттың шешімі де жәбірленушінің пайдасына шешілмей, пәтер де, құрылыс компаниясы салып беруі тиіс болған коттедж де қайтарылмаған.

Екінші тараптың да айтары болды: Астана қаласының тұрғыны әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы жалған мәлімет таратты деген айыппен сотқа берген. Диляра Тәжімбетова Жұлдыз Әбдікәрімоваға жала жабу фактісі бойынша полицияға арыз жазғанын хабарлаған.