Атырауда қыз алып қашқандар ұсталды

Ілияс Бақыт

Әлеуметтік желілерде екі ер адамның қызды күштеп көлікке отырғызғаны туралы бейнежазба пайда болды. Қыз айқайлап, қарсылық көрсеткен. Оқиғаның Атырауда болғаны анықталды. Бейнежазба көпшіліктің назарын аударды және үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан скриншот

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Полиция күдіктіні анықтады, ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қыз арыз жазудан бас тартқанына қарамастан, күдіктіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Оның көлігі арнайы тұраққа жеткізілді. 22 жастағы жәбірленуші ешқандай талап қоймай, арыз жазудан бас тартты. Күдіктіге ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды және ол қамауға алынды.

Полицияның мәліметінше енді жиналған материалдар сотқа жолданады.