Ақауға сілтейді: салық органы 93 блогерге ескерту қателікпен жіберілгенін мойындады

Сымбат Сатыбалдина

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері блогерлерге жіберілген хабарламалардың кері қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

МӘН-ЖАЙ

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 93 блогердің 9,8 млрд. теңгеге қалыптатырылған хабарламасы кері қайтарылды.  Хабарламалардың қайтарылу  себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардан болған.

Сонымен қатар, техникалық ақаулар жойылғаннан кейін 93 блогерге қатысты хабарламалар қайта жіберіледі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін салық органдары 600-ге жуық блогер табысын өтірік көрсеткенін мәлімдеген болатын. 

Комитет түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді зерттеп, салық декларацияларының мәліметтерімен салыстырған. Соның қорытындысы бойынша 594 тұлғаға 53,3 млрд теңге бойынша табысқа сәйкессіздік анықталған. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген.

Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды, – делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар, салықшылар табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударады. Көрсетілген міндеттемелер Конституция мен Салық кодексінде белгіленгенін ескертеді.