ХАМАС Израильдің кепілдегі алты адамын босатты, олардың екеуі Газа секторында шамамен 10 жыл тұтқында болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC News орыс қызметіне сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бостандыққа шыққан алтаудың төртеуі 2023 жылғы 7 қазанда болған шабуыл кезінде қолға түссе, екеуі осыдан 10 жылдай уақыт бұрын тұтқындалған. Кепілден босатылғандардың барлығы – 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар. ХАМАС өкілдері оларды Газа секторындағы Қызыл крест қызметкерлеріне тапсырды. Бұған жауап ретінде Израиль 602 палестиналықты босатты.
Бұл алты тұтқын – ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңінде босатуға уәде берген 33 кепілдің соңғысы. Осыдан кейін кепілде тағы 58 адам қалады.
Израиль өз кезегінде 1900-ден астам тұтқынды босатып, Газа секторынан әскерлерді кезең-кезеңімен шығара бастауы керек.
ХАМАС келісімнің екінші кезеңіне өтіп, кепілге алынған адамдармен алмасуды жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.