Валюта бағамы: үш қаладағы доллардың құны белгілі болды

Сырым Қаржас

Бүгін, 23 ақпанда Қазақстанның ақша айырбастау орындарында бір АҚШ долларының орташа бағамы 502,47 теңге мөлшерінде белгіленген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

Freepik

Еліміздің екі мегополисі – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 503-509 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 23 ақпанға ұсынған ресми бағамы бойынша бір доллар 502,47 теңге мөлшерінде белгіленген, ал Ресей рублі – 5,68 теңге, еуро – 525,83 теңге.

Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 507,4 теңгеден сатылса, Астанада 509,5 теңгеден сатылып жатыр.  Ал Шымкентте бір доллар 506,84 тенгеден сатылып жатыр.  Сату алу құны 503,91 тенге.

Ресей валютасының бағамы 5,56-5,71 теңге аралығындағы межені ұстап тұр.

Айта кетейік, 21 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,28 теңгеге қымбаттап, 503,22 теңге болған.

Бұған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін жазғанбыз.