Израиль палестиналық тұтқындарды босатуды кейінгі қалдырды

Сырым Қаржас

ХАМАС-пен арадағы келісім бойынша Израиль 600-ден астам палестиналық тұтқынды абақтыдан босатуы керек болған. Соңғы сәтте кепілдегі адамдардың бостандыққа шығу уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  cmn.kz-ке сілтеме жасап.

 

REUTERS/Hatem Khaled

ТОЛЫҒЫРАҚ

Күні кеше ХАМАС ұйымы атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңінде босатуға уәде берген 6 израильдік тұтқынды үйлеріне қайтарған. Оған жауап ретінде Израиль билігі түрмеде отырған 620 палестиналыққа бостандық беруге тиіс еді. Бірақ соңғы сәтте Тель-Авив белгілі себептерге байланысты тұтқын алмасуды тоқтата тұруға шешім қабылдады.

ХАМАС тарапынан жасалған бірнеше бұзушылықты, соның ішінде кепілге алынғандардың абыройын қорлайтын рәсімдерді өткізу және оларды үгіт-насихат мақсатында қолдану әрекеті орынсыз деп есептейміз. Сол себепті 22 ақпанға жоспарланған тұтқындарды босатуды кепілге алынғандардың келесі босатылуы қорлау рәсімінсіз өтетініне кепілдік берілгенге дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды, - делінген Израильдің ресми хабарламасында.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, тұтқындарды босату кезінде ХАМАС өкілдері арнайы рәсім өткізіп, оны ақпарат құралдары арқылы көрсеткен. Шара барысында Палестинаның туы мен түрлі-түсті ХАМАС баннерлері көрсетіліп, кепілдегі адамдарға «босату туралы сертификаттар» салтанатты жағдайда табысталған. Бұл рәсім Тель-Авивке ұнамады, оны «масқара» деп атады және өзгертуді талап етті. Іле-шала тұтқын алмасуды тоқтатты.

Ал ХАМАС Израильді Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімді өрескел бұзды деп айыптады.