Маңғыстау облысында бір үйдің төрт адамы газдан уланып, тек біреуі тірі қалған

Сымбат Сатыбалдина

Маңғыстау облысында бүтін бір отбасы газдан уланып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

pixabay.com

МӘН-ЖАЙ

Қайғылы оқиға Ақтау маңындағы Мұнайлы ауданында болған. Бұл ақпаратты жергілікті билік растаған. 

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, оқиға 23 ақпанда “Қаламқас” тұрғын үй кешенінде болған. Бір үйдің төрт адамы газдан уланған.

АДАМ ШЫҒЫНЫ

Үшеуі оқиға орнында қайтыс болған. Біреуі аман қалған. Ол ауыр жағдайда аудандағы ауруханаға жеткізілген. 

БИЛІКТІҢ КӨМЕГІ

Мұнайлы ауданының әкімдігі қаза тапқандардың отбасына ақшалай көмек көрсетілетінін айтты. Қолдау үшін қажет арнайы шаралар қабылданған. 

Алдын ала болжам бойынша, үйдегі жылыту пешінің мұржасы болмаған. Салдарынан улы газ сыртқа шықпай, үй ішіне жайылған.