Ақтаулық кәсіпкер табысын жасырамын деп баласына 50 млн қарыз болып қалған

Сымбат Сатыбалдина

Ақтаулық тұрғын табысын жасырамын деп баласына 50 миллион теңге қарыз болып қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

СОТ ПРОЦЕСІ

2010 жылы сот Ақтау қаласының тұрғынын 2010 жылдан бастап кәмелеттік жасқа толғанға дейін 16 жастағы ұлының анасының пайдасына баланы бағуға жалақының және басқа да кірістердің барлық түрлерінің 1/4 бөлігі мөлшерінде ай сайын алимент өндірген.

2023 жылы жеке сот орындаушысы әкесінің алимент бойынша қарызын 50 млн теңге деп анықтаған, бұл оның 2010 жылдан бері өз міндеттемелерін орындамағанын ескере отырып салынған қомақты сома. Сот орындаушылары борышкер 2003 жылдан бері жеке кәсіпкер бола отырып (оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдана отырып) өзінің кірісін жасырып, алимент төлемей, сол арқылы ұлының құқығын бұзғанын анықтады.

 

ТАБЫСЫ

Салық органдарының декларацияларына сәйкес, 2010 жылдың 2-тоқсаны мен 2016 жылдың 2 жарты жылдығы, 2020 жылдың 1-жарты жылдығы мен 2022 жылдың 2 жарты жылдығы аралығында борышкердің кірісі 200 млн теңгеден астам сома болған.

Борышкер жеке сот орындаушының қаулысымен келіспей, сотқа шағым түсірген.

Маңғыстау облысының МАӘС-ы істі қарай отырып, жеке кәсіпкердің алимент сомасын және берешегін есептеу декларацияда көрсетілген мәліметтер негізінде салық төлеуші  таңдаған салық режимі негізінде жүргізілетінін атап өтті.

АЛИМЕНТ

Сот алименттерді ата-анасының нақты табысына сәйкес есептеу керектігін көрсете отырып, алимент бойынша берешек туралы ЖСО-ның есептеулерінің дұрыстығын растады. Талап қою қанағаттандырусыз қалдырылды.

Борышкер өз құқығын асыра пайдаланып, бұл шешімге апелляциялық және кассациялық сот сатыларына шағым түсірген, алайда сот актісі заңды күшіне енді.