Руслан Берденовтің орнына мәжіліске кім келгені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БЕРДЕНОВТІҢ ОРНЫ БОСАДЫ
Руслан Берденовтің орнына Екатерина Смолякова келді.
- Орталық сайлау комиссиясынан хабар түсті. ОСК қаулысымен мәжіліс депутаты ретінде Respublica партиясынан Екатерина Смолякова тіркеліп, қатарымызға қосылды, деді Ерлан Қошанов.
Депутаттар бірауыздан қолдан, жаңа депутат ант берді.
Бүгін экс-депутат Руслан Берденовтің өкілеттігі тоқтатылды.
БЕРДЕНОВ ҚАЙДА КЕТТІ
Айта кетейік, 24 ақпанда мәжіліс депутаты Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын.