Суданда әскери ұшақ апатқа ұшырап, кемінде 46 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қайғылы оқиға 25 ақпанда Омдурман қаласына жақын маңда болған. “Антонов” әскери ұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан кемінде 46 адам қайтыс болған. Сонымен қатар, 10 адам зардап шеккен.
Ұшақтың не себепті апатқа ұшырағаны әзірге белгісіз. Бұл туралы AP ресми дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
ҚАЗА ТАПҚАНДАР
Қаза тапқандардың ішінде жоғары шенді шенеуніктер де, қарапайым адамдар да бар. Ұшақ тұрғын үйге соқтығысқандықтан қаза тапқандардың ішінде жерде жүргендер де болуы мүмкін. Қаладағы бірнеше үйге зақым келген.
Қаза тапқандардың бірі – генерал-майор Бар Ахмед, ол бұрын Хартум гарнизонының бастығы лауазымын атқарған үкімет армиясының әскери басшысы.
2023 жылдың көктемінде Суданда қазіргі үкімет пен жедел әрекет ету күштері (RSF) тобы арасында азаматтық соғыс басталды. БҰҰ мәліметінше, соғыс салдарынан 20 мыңнан астам адам қаза тауып, сегіз миллионнан астамы елден кетуге мәжбүр болған. Бұл қақтығысқа «Вагнер» жалдамалы сарбаздары мен украиналық әскерилер қатысқаны хабарланды.