Ақтөбе әкімдері 77 миллионға көлік сатып алған

Ілияс Бақыт

Ақтөбе облысында үш «TANK» жол талғамайтын көлігін аудан әкімдіктері сатып алған. Мемлекеттік сатып алуларға қойылған талаптар арасында массаж, желдету және орындықтарды жылыту функциясы, премиум акустикалық жүйе секілді тармақтар бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Әлеуметтік желіден

БАЙҒАНИН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ЖАҢА КӨЛІГІ

«Диапазон» басылымының хабарлауынша, Байғанин ауданы әкімдігі «Haval Tank 500» жол талғамайтын көлігін «қызметтік қажеттіліктер» үшін 27 млн теңгеге сатып алған. Сонымен қатар, 5 ақпанда Ырғыз ауданы әкімдігіне 26 500 000 теңгеге қызметтік жол талғамайтын көлік сатып алынғаны анықталды. Автокөлік сипаттамалары ұқсас: алдыңғы және артқы қатар орындықтарының массаж және желдету функциялары, премиум акустикалық жүйе, орындықтары NAPPA терісімен қапталған.

ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНДА АРЗАНДАУ 

Әйтеке би ауданы әкімдігі үшін мемлекеттік сатып алулар сайтында 24,107 млн теңгеге қызметтік автокөлік сатып алынған. Машина сипаттамаларына сәйкес, 2024 жылы шығарылған, алдыңғы және артқы қатар орындықтары жылытылған, айналмалы камера және 8 динамик акустикалық жүйесі бар.

Барлық сатып алулар нәтижесінде «TANK 500» жол талғамайтын көліктері сатып алынды.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Шенеуніктердің сән-салтанатқа деген осындай құлшынысын  Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақындағы мәлімдемесінде орынсыз деген еді.Президент ел үкіметіне толық үнемдеу режиміне көшуді, қаражатты тек ең өзекті мәселелерді шешуге жұмсауды талап еткен.