Жантүршігерлік кадр: Ақтауда әйел адамның басына мұз түскені рас па

Сымбат Сатыбалдина

Ақтауда әйел адамның басына мұз түскені туралы видео тарады. Алайда бұл фейк болып шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

МӘН-ЖАЙ

Lada.kz мәліметінше, әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео тараған. Видеода егде жастағы әйелдің басына мұз түсіп, қан-жоса болатынын көруге болады. Бұл Ақтауда болған жағдай деген пікірлер жазылған. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тәртіп сақшыларының сөзінше, бұл басқа қалада болған жағдай. 

Полиция бұл деректі тексеріп, оның фейк екенін анықтаған. 

ЖАЛҒАН АҚПАРАТТАР

Айта кетейік, Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға жаза көзделген. Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.