Украина президенті Ақ үйден мерзімінен бұрын шығып кетті

Ілияс Бақыт

Украина президенті Ақ үйден мерзімінен бұрын кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

АҚ ҮЙДЕН ШЫҒЫП КЕТТІ

Трамппен кабинетінде сөзталас болғаннан кейін Зеленский Ақ үйден жоспарланған уақыттан бұрын кетіп қалды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Келіссөздерден кейін жоспарланған баспасөз конференциясы да тоқтатылды.

БҰҒАН ДЕЙІН

Трамп пен Зеленский кәдімгідей дауыс көтеріп эмоцияналды түрде ұрысып жатқанын жазған едік. 

ТРАМП: УКРАИНА РЕСЕЙМЕН КЕЛІССӨЗДЕРДЕ КОМПРОМИСС ЖАСАУҒА ТИІС

Келіссөз барысында Трамп Украина президентіне Ресеймен келіссөздерде компромисс жасау қажеттігін айтып, АҚШ-пен келісім жасауды ұсынды. Ол Вашингтонның Мәскеумен бейбіт келісім шарттарын талқылай бастағанын мәлімдеді.

ТРАМП ПЕН ЗЕЛЕНСКИЙ АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГТАН ҮЗІНДІ

“Біз сізге 350 миллиард бердік. Сіз қазір қиын жағдайдасыз. Сіз «мен соғысты тоқтатқым келмейді» деп айта алмайсыз. Біздің қаруымыз болмаса, бұл соғыс бірден аяқталатын еді” – Трамп Зеленскийге.

Трамп пен Зеленский арасындағы дау одан сайын қыза түсті. 

- Үш күн ішінде мен мұны Путиннен де естідім, –  деді. Зеленский.

Тіпті Трамп өз әдетінше қағытып Зеленскийдің киіміне де тиісті. 

 – Сізде костюм бар ма өзі?

 – Иә, менде бар.

- Кейбір америкалықтар сіздің ресми стильді құрметтемейтініңізге наразы.

Әлем назары дәл қазір Ақ үйде болып тұр.