Қазақстандық әнші Асқар Дүйсенов жол апатынан қаза тапты

Сырым Қаржас

Ақмола облысында болған көлік апатынан әнші, асаба Асқар Дүйсенов қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

instagram/askar_tamada

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желілерде әншінің әріптестері мен достары марқұмның отбасы мен туғандарына көңіл айтып жатыр. Асқар Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2 наурыз күні әншінің тағын жері – Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында өтеді

Ақмола облысы ПД-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 ақпанда Астана-Петропавл трассасының 31-ші шақырымында болған. “Газель” мен Volkswagen Polo көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан.

Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, процестік шешім қабылданды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмауды, жол жағдайын және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауда ұстауды ескертеді.