«Әлемді адастырды»: АҚШ Қытайдан 24 млрд доллар талап етіп отыр

Сырым Қаржас

Миссуридің федералды соты Қытай үкіметін SARS-CoV-2 коронавирусы туралы деректерді жасырды деп айыптап, 24 млрд доллар өтемақы өндіруге шешім шығарды. Бұл туралы The New York Times жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөздерден алынды

ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ өтемақының қайтарымы ретінде Қытай активтерін тәркілемек.

Естеріңізде болса, Қытайдың коммунистік партиясына қарсы талап-арызды 2020 жылы Миссуридің бұрынғы бас прокуроры Эрик Шмитт берген.

Арызданушы COVID пандемиясының алғашқы айларында Пекин вирустың болуы мен таралуы туралы деректерді жасырды, сөйтіп басқа елдерде өндіріске, маңызды медициналық жабдықтарды, соның ішінде жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) сатып алуға, экспорттауға кедергі келтірді деп мәлімдеді.

Судья Стивен Лимбо-кішінің шешімінде:

Қытай әлемді пандемияның қауіпі мен ауқымына қатысты ақпаратпен адастырды және жеке қорғаныш құралдары өндірісіндегі монополияға әкелетін әрекетпен айналысты. Сол себепті АҚШ вирустың таралуына дер кезінде тосқауыл қоя алмады және жеткілікті деңгейде жабдықтарды сатып ала алмай қалды, – деп жазылған.