Көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай Ulysmedia.kz оқырман назарына әйелдерге қатысты қызықты деректер ұсынады.
Еркектермен салыстырғанда әйелдер 2-3 есе көп сөлейді екен. Әйел адам бір күнде 20 мыңға жуық сөз айтады. Көп сөйлеу олардың табиғатында бар, яғни қалыпты жағдай деуге болады.
Әйелдер кірпігін бояғанда, аузын ашады.
Әйел адамның жүрегі еркектікімен салыстырған 20 пайыз, миы 10 пайыз кішірек болады. Есесіне әйелдердің жүрегі еркектердікінен жылдам соғады.
Әйелдер ер азаматтарға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді, себебі олардың иммундық жүйесі баяу қартаяды.
Келіссөз жүргізудің хас шебері деп әйелдерді айтса болады, олар еркектерге қарағанда мұндай жауапты қызметті табысты атқарады.
Әйел қауымында суицид жасайтындар, сондай-ақ ауыр қылмыс істейтіндер ерлермен салыстырғанда 10 есе аз.
Әйелдердің есте сақтау қабілеті еркектердікінен жақсырақ.
Еркектермен салыстырғанда әйел заты өтірікті аз айтады.
Әйелдер бір жылда шамамен 120 сағаттай уақытын айнаның алдында өткізеді екен.
Қолға сөмке немесе басқа бір зат ұстап жүру әйелдердің әдеті. Ал жігіттерде керісінше, қолға зат жүру ыңғайсыздық тудырады.
Әйелдердің еркектерден артықшылығы бір уақытта бірнеше жұмысты қатар істей алады.