2025 жылдың 19 наурызында өткен Сенат отырысында Азаматтардың құқығын қорғау қауымдастығының төрағасы Бадри Шаинидзе қазақстандықтардың құмар ойын бизнесіндегі алдау қаупін төмендету арналған өз ұсынысын айтты. Ол үшін Қазақстанда онлайн-казиноны шектеулі түрде заңдастыруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"СҰРАНЫС ҰСЫНЫСТЫ ТУДЫРАДЫ"
Шаинидзенің пікірінше, Қазақстанда онлайн-казиноны заңдастыру бұл салаға байланысты мәселелерді азайтуға мүмкіндік береді.
"Лотерея операторына ұқсас онлайн-казино операторын құру мемлекет рөлін күшейтіп, бизнес пен азаматтар үшін ережелер, шектеулер мен талаптарды орнату арқылы бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл қаржының шетелге кетуін қысқартып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін бұзуды азайтады", – деп түсіндірді ол.
ЖАЛҒАН ОНЛАЙН-КАЗИНО ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕРІ
2024 жылы қауымдастыққа онлайн-казино әрекеттерінен зардап шеккен 54-тен астам адам шағым түсірген.
"2024 жылы шағымданушылардың жалпы ұтылған сомасы 400 млн теңгені құрады. Адамдар құқықтық көмек сұрайды, бірақ бұл компаниялар Қазақстаннан тыс орналасқандықтан, құқықтық өрісте қарау мүмкін емес", – деді Бадри Шаинидзе.
ӨЗІН ӨЗІ ШЕКТЕУ ЖӘНЕ ҚОСЫМША ШЕКТЕУЛЕР ҰСЫНЫСЫ
Шаинидзе Қазақстанда әрбір азаматтың құмар ойындарға қатысуын 10 жылға шектеу үшін өтініш бере алатынын еске салды. Алайда, ол бұл норманы кеңейтуді ұсынды.
"Біз мұндай өтінішті тек ойынқұмарлық белгілерін көрсететін адамның өзі ғана емес, сонымен қатар жақын адамдары да бере алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Кейбір елдерде салық төлемейтіндер мен тұрақты табысы жоқ азаматтардың ойындарға қатысуына тыйым салу тәжірибесі бар. Сондай-ақ, біз ай сайынғы ұтылысы республикалық бюджетпен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріне тең болатын азаматтарға бәс тігуге тыйым салу механизмін қарастыруды ұсынамыз. Бұл норма Қазақстандағы лудоманияның дамуын едәуір тежей алады деп ойлаймыз", – деп түйіндеді сарапшы.
БҰҒАН ДЕЙІН
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Маңғыстауда казино салу жобасы жөнінде Ulysmedia.kz тілшісінің сұрағына жауап берген еді.