Алматыда ертең балалар метромен тегін жүре алады

Сырым Қаржас
Алматы әкімдігі

Алматыда 2025 жылғы 1 маусымда балалар метромен күні бойы тегін жүре алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Алматыда 14 жасқа дейінгі балаларға метромен тегін жол жүру ұсынылады.

– Бастама мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Күні бойы тегін жол жүруге болады – метрополитеннің ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін, – делінген хабарламада.

АНЫҚТАМА

1 маусым – әлемнің көп елінде, соның ішінде Қазақстанда да кеңінен аталып өтетін Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күн балалардың құқықтарын сақтау, оларды қауіп-қатерден қорғау, бақытты балалық шақты қамтамасыз ету мақсатында белгіленген. Аталған мереке алғаш рет 1950 жылы аталып өткен, содан бері жыл сайын балалардың игілігі мен қауіпсіздігін басты назарда ұстауға арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Бұл күнде еліміздің түкпір-түкпірінде мерекелік концерттер, көрмелер, ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар бұл – қоғам назарын кішкентайлар құқығын қорғауға, олардың денсаулығы мен дамуына жағдай жасауға бағыттауға арналған маңызды күн.