Атырау облысы Құлсары қаласында жеті жастағы жасөспірім өлі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Құлсарыда кеше, 5 маусымда жеті жастағы қыз жоғалған. Кейінірек жасөспірімнің мәйіті табылды.
Желі қолданушылары қаладағы камералардың жұмыс істемейтініне шағымданып жатыр.
– Бұл елдің осындайда айыппұл салғыш камералары осы кезде қайда қарап тұрды екен?, – деп жазды олардың бірі Facebook-те.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?
Ведомствоның мәліметінше, полицияға Құлсарыда 2018 жылы туған жасөспірімнің 5 маусым күні сағат 12:00 шамасында үйден шығып кеткені, содан бері таба алмай жатқаны туралы хабар сағат 21:28 шамасында түскен.
– Жасөспірімнің жоғалған бағыты белгісіз болуына байланысты қаладағы барлық камера зерделеніп, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі де жұмылдырылған. 6 маусым түнгі сағат 02:19 шамасында Құрсай өзенінен жасөспірімнің өлі денесі табылды. Сараптама тағайындалды, – делінген полиция таратқан хабарламада.
КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Полиция дерегінше, баланы өлтірді деген күдікпен Құлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.
Полиция мұндай ауыр қылмыстар үшін заңда ең қатаң жаза қарастырылғанын ескертеді.