Жаңбыр, бұршақ, аптап ыстық: дүйсенбіде барлық дерлік өңірде ескерту жасалды

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 9 маусымда Алматыда, Астанада, Шымкентте және тағы 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең облыстың солтүстігінде екпіні – 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні – 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысыда, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні – 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі бар.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік- шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз найзағай ойнайды.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус аптап ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында түнде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ жауады. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.