Астананың бас мешітінде жүрген Назарбаевтың видеосы тарады

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Орталық мешітте бой көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Видеоны мешіттің азаншысы Қуаныш Сейітханов әлеуметтік желіде жариялаған. Кадрлардан Назарбаевтың көңіл күйі көтеріңкі екені, жанында күзет қызметкерлері еріп жүргені байқалады.

– Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бас мешітке келді, – деп жазды азаншы.

АНЫҚТАМА

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1991 жылы Тәуелсіздік алған сәттен бастап 2019 жылға дейін басқарды. Ол президенттік өкілетін тоқтатқаннан кейін де Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және елбасы – ұлт көшбасшысы мәртебелерін сақтап қалып, саяси ықпалын жалғастырды.

Алайда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін оның өкілеті мен ресми статусы едәуір шектелді.