Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, ертең елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл соғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-18 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Астанада күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 23 м/с . Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды. 

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күңдіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шағыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.