Қазақстанда Абай есімді 10 әйел бар

Мейірман Лес
Ulysmedia

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда Абай есімді қанша адам бар екені туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бюро мәліметінше, елде Абай есімді 18 763 адам тұрады. Олардың ең көбі Астанада – 2 089, Түркістан облысында – 2 018 және Алматыда – 1 719 адам. Ең жасы үлкен Абай 1932 жылы туған, ал ең көп тараған жас тобы –  30-34 жас аралығы (3 228 адам). 2025 жылдың алғашқы жартысында жаңа туған 157 сәбиге Абай есімі берілген. Бір қызығы, Қазақстанда Абай есімді 10 әйел де тіркелген.

Ибраһим есімін (оның ішінде Ибрагим және Ибрахим нұсқалары) 35 404 адам иеленген. Сондай-ақ, ел аумағында бір облыс, бір қала, үш аудан және 26 ауыл Абай есімімен аталады.

АНЫҚТАМА

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор, ұлттық әдебиетіміздің негізін қалаушылардың бірі. Биыл оның туғанына 180 жыл толып отыр.

Қазақстанда Абай күні жыл сайын 10 тамызда — оның туған күнінде атап өтіледі. Бұл мереке 2020 жылы бекітіліп, елдің мерекелік күнтізбесіне енгізілген.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен құттықтады.