Қытай компаниялары Қазақстанда су есебін жүргізбек

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қытай бизнесмендері Қазақстанның оңтүстігінде суды есепке алу бойынша автоматтандыру және цифрландыру технологияларын өндіруге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қытайдың жетекші компаниялары өкілдерінен құралған делегациямен кездесті. Делегацияны Yellow River Engineering Consulting компаниясының бас экономикалық менеджері Инь Дэвэнь бастап келді.

НЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келіссөздердің негізгі тақырыптары – гидротехникалық нысандарды салу, ирригациялық арналарды автоматтандыру және су саласына қытайлық инвестиция тарту болды.

СУ ЕСЕБІ

Қытайлық бизнесмендер елдің оңтүстігінде суды есепке алу бойынша автоматтандыру және цифрландыру технологияларын өндіруді жолға қоюға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ қазақстандық су шаруашылығы мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.

— Біз 2030 жылға дейінгі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылып жатқан жобаларға шетелдік серіктестерді белсенді түрде тартып жатырмыз. Құжаттың негізгі индикаторларының бірі – кемінде 3500 км арнаны жаңғырту және цифрландыру. Қазақстанда заманауи жабдық өндірісін орналастыру саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуге мүмкіндік береді, — деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.