Польшада НАТО-ның қорқанысқа бағытталған "Шығыс сақшысы" миссиясы жүріп жатыр

Сырым Қаржас
Global News

Польша қарулы күштерінің Бас штабы НАТО-ның «Шығыс сақшысы» (Eastern Sentry) миссиясы іс жүзінде басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл ақпаратты растау үшін Миньск-Мазовецкиде қонған француздың А400 әскери-транспорттық ұшағының кадрлары жарияланды. Әуе кемесі Польша аумағына орналастырылған Rafale жойғыштарына арналған қару-жарақ жеткізген.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 10 қыркүйекке қараған түні ондаған дрон Ресейден немесе Беларусь аумағы арқылы ұшырылған деген болжам бар. Олар Польшаның әуе кеңістігін бұзып өткен. Сол дрондардың бірі тұрғын үйге құлаған. Осыдан кейін Польша Солтүстік Атлантикалық келісімшарттың 4-бабын іске қосып, НАТО-ға қауіпсіздікке төнген қатерге байланысты консультация сұратты.

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте мен Еуропадағы бас қолбасшы Алексус Гринкевич «Шығыс сақшысы» операциясының басталғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, миссияның мақсаты – Альянстың шығыс қапталындағы қорғаныс қабілетін күшейту.