Онлайн-казино жарнамалаған блогерлерге жазаны күшейту ұсынылды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов үкіметке құмар ойындарды жарнамалайтын блогерлерге қатысты жазаны күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, елдегі аудиториясы көп отандық блогерлер оңай табысқа қызығып, онлайн-құмар ойындарын белсенді түрде жарнамалап, азаматтарды соған тартып жүр.

– Мұндай 37 тұлға анықталды, оның 18-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың көпшілігі кездейсоқ емес, заңды жүйелі түрде елемейтін адамдар. Осыған байланысты біз онлайн-казино жарнамалағаны үшін, қаржы пирамидасын жарнамалағанмен бірдей, қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсындық, – деді Бижанов.

Бижановтың айтуынша, жағдайды қиындатып тұрған тағы бір мәселе – құмар ойындарын жарнамалағаны үшін тікелей жауапкершіліктің жоқтығы.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін онлайн казиноны жарнамалап жүрген 34 блогердің тізімі жария болды. Олардың ішінде: Қайсар Қамза, Шыңғысхан Көпбаев, Айтмаханов Тәуіржан, Тұрғанов Наиль, Диляра Аманқосқызы және басқалар бар.