Министр Әлназарова 6 мың доллардың сөмкесімен көзге түсті

Сырым Қаржас
Коллаж: Ұлысмедиа

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тағы бренд киіммен көзге түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Threads қолданушысы министрдің қыркүйекте Нью-Йоркке ұстап барған сөмкесін байқап қалған. 

- Бәрі министрдің Valentino-сын талқылап болған шығар. Бірақ қыркүйекте Нью-Йоркте түскен суретіне ешкім мән бермеді. Бұл жерде министр құны 6 мың долларлық Fendi сөмкесі мен Ferragamo брендінің шамамен 1000 долларлық аяқ киімін киіп алған. Біздің министр люкс киімдерді жақсы көретін сияқты және қымбат заттарды алудан ұялмайтын көрінеді. Ал жалақысы шамамен 1 миллион теңге. Люкс киімдерді кімнің есебі арқылы алып жүр екен? Әлде бұл жолы да фейк деп құтылар ма екен? Қалай ойлайсыздар?, – дейді жазба авторы. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін министр қымбат аяқ киімі туралы сұраққа жауап бермей қойған болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары министрдің қымбат сән үлгілеріне сын айтып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлері ескі форма киіп жүргенде, ведомство басшысының қымбат киім үлгілерін көрсетуі орынсыз екенін атап өткен еді.

Қазнет қолданушылары министрдің кем дегенде бір жұп Valentino маркалы туфли кигенін анықтаған.