Ресей ешкімге қауіп төндірмейді – Путин

Сырым Қаржас
Фото: Госдума

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Мәскеу басқа елдерге ешқандай қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей тек өзге ядролық қаруы бар мемлекеттер сияқты өзінің ядролық әлеуетін дамытып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол «Буревестник» және «Посейдон» жобаларының әзірлеушілерін марапаттау рәсімінде айтты. Путиннің сөзінше, бұл жүйелер бойынша жұмыс бұрыннан жоспарланған және оларда «тек ресейлік материалдар мен технологиялар» қолданылады.

Путиннің сөзінше, жасалған әзірлемелер тек әскери салада ғана емес, азаматтық жобаларда да пайдаланылуы мүмкін – атап айтқанда, Арктикада, шағын ядролық энергетикада және ғарыш саласында. Оның айтуынша, мұндай жүйелердің реакторлары «пайдалы қазбаларды өндіруде, шалғай аудандарды энергиямен қамтамасыз етуде және терең теңіз экспедицияларында қолданылуы мүмкін».