Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, Ресей азаматтары әлі де Қазақстанда шығарылған банк карталарын рәсімдеуге ұсыныс алып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Freedom карталары бәріне, тегін бе?
National Business басылымы Freedom Bank Ресей азаматтарына карталарды eResidency бағдарламасы арқылы бергенін анықтаған болатын. Бұл бағдарлама ресми түрде Қазақстан экономикасына инвестиция салғысы келетін брокерлер мен инвесторларға арналған.
Алайда бейресми түрде Қазақстанда ешқашан болмаған, төмен жалақы алатын қарапайым ресейліктер де қазақстандық банктің карталарын алғаны белгілі болды — яғни тек цифрлық көшпенділер мен кәсіпкерлер ғана емес.
«Мәселені дұрыс түсінбегенсіздер»
Қазақстан қаржыгерлерінің конгресінде Freedom Holding негізін қалаушы Тимур Турловтан инвесторларға арналған бағдарлама бойынша банк неге қарапайым ресейліктерге карта беретінін сұрадық. Кәсіпкер журналистердің «мәселені толық зерттемегенін» айтты және Freedom Bank-тің ресейліктерге Visa карталарын толық заңға сай беріп отыр деп сендірді.
— Мен сіздерге осы процестерді мұқият зерттеуге кеңес беремін. Жай сенсация іздемей, барлық өнімдермен танысып шығыңыздар. Олардың барлығы заң талаптарына толығымен сәйкес келеді, — деді Тимур Турлов.
Қазақстандық карталарды нақты кімдер рәсімдей алады - инвесторлар мен брокерлер ме, әлде барлығына қолжетімді ме? Ulysmedia.kz осы мәселеге қатысты Freedom Bank-ке ресми сұраныс жолдамақ.