Қазақстанда Mellstroy лақап атымен танылған белгілі блогер Андрей Буримге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Блогер туралы деректер Бас прокуратураның іздеуде жүрген адамдар базасында пайда болды. Онда іздеу ісі 15 қарашада тіркелгені көрсетілген. Іздестіруді бастаған – Қаржылық мониторинг агенттігі, ал оны жүзеге асырып жатқан – астаналық Экономикалық тергеулер департаменті.
КОНТЕКСТ
Mellstroy – орыстілді интернеттің ең көп талқыланатын тұлғаларының бірі. Оның Instagram парақшасында 3 млн-нан астам, Telegram-да шамамен бір миллион оқырманы бар. Ол арандатушылық стримдерімен және ережеге сай келмейтін контентімен танымал.
Буримнің заңдық мәселелері өз елінде де басталған. Беларусьта жақында оның арналары мен логотиптері экстремистік деп танылды. Бұған түрлі қалаларда хулигандық әрекеттерге себеп болған байқау түрткі болған.
Қазақстанда да Mellstroy атына қатысты даулар шыққан. Астананың бір тұрғыны блогердің назарын аудару үшін сауда орталығында іш киіммен жүгіріп, 15 тәулікке қамауға алынған. Ал Сейфулла Серікұлы есімді тағы бір қазақстандық жүлде ұтып алу үшін өзінің аты-жөнін ресми түрде Mellstroy.game деп өзгерткен.
Қазақстанда Буримге іздеу жариялануына не себеп болғаны әзірге ресми түрде түсіндірілмеді.