Биыл елде қыс біршама жылы болады

Динара Жарқынбек
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда алдағы қыс маусымы әдеттегіден жылырақ өтуі мүмкін. Бұл туралы синоптиктердің алдын ала болжамында айтылды, деп хабарлайды Ulysmedai.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жуық немесе одан сәл жоғары болады. Қар мөлшері де шамамен орташа деңгейде түспек.

Сонымен қатар, кей өңірлерде қардың қалың түсуі, боран, екпінді жел, көктайғақ және тұман сияқты қолайсыз ауа райы жиілеуі ықтимал. Қыстың маңызды ерекшелігі — жиі жылып, қайта суытатын «температуралық тербелістердің» байқалуы.

Желтоқсан айы жылы өтеді, қар әдеттегідей мөлшерде жауады.

Қаңтарда елдің көп бөлігінде температура норма шамасында, ал шығыс өңірлерінде 1 градусқа төмен болуы мүмкін. Қар жаууы орташа деңгейде, бірақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың тау бөктерлерінде қар әдеттегіден көбірек түсуі ықтимал.

Ақпан және наурыз айлары жылы болатыны болжанып отыр.

Синоптиктер қыстың кей күндері күрт құбылып, жауын-шашын мол түсетін сәттер болатынын ескертеді.